12 қаңтар 2017 19:34

"Найман" уақытша тіркеу туралы айтқан сөзі үшін жауапкершілікке тартылмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© arhar.kz © arhar.kz

"Тіркеу мәселесімен" келетін адам болса, оны "жерлеп тастайтынын" айтқан Қуат Хамитов ешқандай да жауапкершілікке тартылмайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 8 қаңтарда спортшы Instagram желісіндегі өзінің парақшасында енгізілген жаңа ережелерге наразылығын білдіріп, жазба қалдырған болатын. 


"Тіркеу мәселесімен" келетін адам болса, оны "жерлеп тастайтынын" айтқан Қуат Хамитов ешқандай да жауапкершілікке тартылмайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 8 қаңтарда спортшы Instagram желісіндегі өзінің парақшасында енгізілген жаңа ережелерге наразылығын білдіріп, жазба қалдырған болатын. 

"Сол кезде "Найман" өзінің наразылығын білдірген болатын, ол қазақстандықтардың тіркеуде тұрған жерінде емес, тұрып жатқан жері үшін не үшін төлеуі керек деп: "Тіркеу мәселесімен" келетін адам болса, оны "жерлеп тастаймын", - деген болатын. ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап бере отырып, "Найманның" айтқан сөзіне баға беруден бас тартты, бірақ олар спортшының ешқандай жазаға ұшырамайтынын айтты.

"Сіздер айтып отырған адамның әрекетінде қылмыс құрамы бар. Алайда оның айтқан сөзі нақты бір адамға айтылмаған, белгісіз адамдардың тобына арналған. Қылмыстық жауапкершілікке тартылуы үшін қорқыту дерегі бойынша, нақты бір адамға бағытталған болуы керек және оның айтқан сөздері шын мәнінде оның өмірі мен денсаулығына зиян тигізетіндей болуы тиіс", - делінген ҚР ІІМ жауабында. 

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қуат Хамитов "Найман" екі салмақ категориясында (70-77 келі) әлем чемпионының белбеуін жеңіп алды. 

Еске салайық, ММА-да өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов уақытша тіркеу бойынша жаңа ережелерге наразылығын білдірді. Спортшы Қазақстан тұрғындарының өз елінде жүріп-тұруына неліктен ақы төлеу керектігін түсінбейтінін жеткізді. Осылай дей келе Хамитов "тіркеу мәселесімен" келетін адам болса, оны "жерлеп тастайтынын" айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети