22 шілде 2018 15:48

Найзағай, бұршақ, дауыл. Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.


Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, 22 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтөбе қаласында да солтүстік-шығыстан күшті жел соғады.

23 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді. Кей жерлерде найзағай, дауыл болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Петропавлда да осындай ауа райы. Ықтималдық - 90-95 пайыз.

Айта кетейік, синоптиктердің мәліметтері бойынша бүгін ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыста және республиканың солтүстіктегі ең шеткі аудандарында күн ашық. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін және оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жел күшейіп, шаңды дауыл, батыста дауыл, солтүстікте, орталықта, батыста және шығыста күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

"Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында - найзағай, жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел, күндіз бұршақ, Батыс Қазақстанда - дауыл. Жамбыл, күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, күшті жел. Маңғыстау облысында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады", - делінген хабарламада.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында аптап ыстық сақталады. Түркістан облысында ыстық, шөлейтті аудандарында өте қатты ыстық болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети