10 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжам дайындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" деректеріне сілтеме жасап.
Ақмола облысы
10 маусымда облыста тұрақсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Батыста және солтүстікте нөсер жауын күтіледі. Кей аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Ауа температурасы: түнде +12…+17 градус, күндіз +23…+28, батыста +20 градус шамасында болады.
Астана
Күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 20 метрге дейін жетеді. Температура: түнде +13…+15 градус, күндіз +26…+28 градус.
Көкшетау
Күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Температура: түнде +13…+15 градус, күндіз +23…+25 градус.
Алматы облысы
Облыстың батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, солтүстікте, батыста және таулы аудандарда екпіні 18–23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+22, тауда +7…+12, күндіз +30…+35 градус, оңтүстікте және тау бөктерінде +27 жылы, тауда күндіз +19…+24 градус болады.
Алматы
Күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 11 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +27…+29 градус болады.
Қонаев
Күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, кей уақыттарда екпіні 18–23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +30…+35 градус болады.
Іле Алатауы тауларында (Алматыдағы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары): кей уақыттарда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 18–23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +7…+12, күндіз +13…+15 градус болады.
Жетісу облысы
Облыстың шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз шығыста және таулы аудандарда екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+22, оңтүстікте +25, тауда түнде +12, күндіз +31…+36 градус, таулы аудандарда +25 градус шамасында болады.
Талдықорған
Күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +31…+33 градус болады.
Түркістан облысы
Облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метре, батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+22, тауда +13 градус, күндіз +30…+35 градус, тауда +25 градус болады.
Шымкент
Күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +32…+34 градус болады.
Түркістан
Күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +33…+35 градус болады.
Батыс Қазақстан облысы
Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+18 градус, күндіз +25…+30 градус болады.
Орал
Күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +26…+28 градус болады.
Атырау облысы
Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз солтүстікте, оңтүстікте және шығыста жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз солтүстікте, оңтүстікте және шығыста екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+20 градус, күндіз +27…+32 градус болады.
Атырау
Күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз +30…+32 градус болады.
Маңғыстау облысы
Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысы мен орталығында тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+20 градус, күндіз +25…+30 градус болады.
Ақтау
Күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +26…+28 градус болады.
Ақтөбе облысы
Облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз солтүстікте, оңтүстікте және шығыста екпіні 15–18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+17, күндіз +20…+25, оңтүстікте және шығыста +29 градусқа дейін барады.
Ақтөбе
Күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус болады.
Қостанай облысы
Мұнда жаңбыр жауып, күн күркірейді, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында нөсер жауын, кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, батыста, оңтүстікте және шығыста екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+17, күндіз +20…+25, оңтүстікте +28 градусқа дейін барады.
Қостанай
Күн бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус болады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және дауыл тұрады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең батыста тұман түседі. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан соғады: түнде секундына 9–14 метр, батыста, солтүстікте және шығыста екпіні 15–20 метр, күндіз 15–20 метр, батыста, солтүстікте және шығыста екпіні 23–28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+18, күндіз +20…+25, шығыста +28 градус болады.
Петропавл
Мұнда күн бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан соғады: түнде секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метр, күндіз 15–20 метр, екпіні 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +23…+25 градус болады.
Павлодар облысы
Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, батыста, солтүстікте, оңтүстікте және орталықта екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16…+27 градус, күндіз +30…+35 градус болады.
Павлодар
Күн құбылмалы бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз +31…+33 градус болады.
Қарағанды облысы
Түнде облыстың шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз батысы мен солтүстігінде де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, таңертең және күндіз батыста, солтүстікте және орталықта екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+20, күндіз +25…+30 градус болады.
Қарағанды
Мұнда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +27…+29 градус болады.
Ұлытау облысы
Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, таңертең және күндіз екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+20, күндіз +25…+30, солтүстігінде +22 градус болады.
Жезқазған
Күн құбылмалы бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, таңертең және күндіз екпіні 15–18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +25…+27 градус болады.
Шығыс Қазақстан облысы
Күндіз облыстың шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+18 градус, облыстың оңтүстігінде +21 градус, күндіз +30…+35 градус, облыстың шығысында +25 градус шамасында болады.
Өскемен
Мұнда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы түнде секундына 1–6 метрге, күндіз 5–10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17 градус, күндіз +32…+34 градус болады.
Абай облысы
Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метрге, күндіз оңтүстікте және орталықта екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+20, оңтүстікте +23, күндіз +33…+38 градус, батыста +29 градус шамасында болады.
Семей
Күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы түнде секундына 1–6 метрге, күндіз 7–12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17 градус, күндіз +33…+35 градус болады.
Қызылорда облысы
Күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 9-14 метр, облыстың солтүстігі мен орталығында 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +16…+21, облыстың солтүстігінде +13, күндіз +29…+34, облыстың солтүстігінде +26 градус болады.
Қызылорда
Күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +31…+33 градус болады.
Жамбыл облысы
Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+22, тауларда +12 градус, күндіз +30…+35 градус, тауларда +25 градус болады.
Тараз
Күн құбылмалы бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз +30…+32 градус болады.
Синоптиктер Астана мен Алматыда күн күркіреп, жаңбыр жауатынын ескертті