18 маусым 2019 09:08

Найзағай түсіп мерт болған экс-әкімнің денесі жер қойнына тапсырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© el.kz © el.kz

Шығыс Қазақстанда найзағай түсіп, мерт болған экс-әкімнің денесі жер қойнына тапсырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Шығыс Қазақстанда найзағай түсіп, мерт болған экс-әкімнің денесі жер қойнына тапсырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Абай ауданының әкімі болған Тұрсынғазы Мүсәпірбековті ақтық сапарға шығарып салуға өңірдің атқамінерлері мен қоғам белсенділері қатысты.

"Тұрсекең қай жерге барып, жұмыс бастаса оны аяқтамайынша тоқтамайтын адам. Одан кейін ешқандай жұмыстан қорықпайтын. Қош бол деймін Тұрсекеңе", - деді Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов. 

Тұрсынғазы Мүсәпірбеков өмір бойы мемлекеттік қызметтерде болып, басшылық жұмыстар атқарған. 10 жылдай Семей қаласы әкімінің орынбасары болып, 2011 жылы Абай ауданына әкімі қызметіне тағайындалған еді. Зейнетке шыққаннан кейін, аймақтық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында отряд басшысы болып жұмыс істеген.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 14 маусым күні болған. Өскемендегі Үлбі өзенінің жағасында жатқан жансыз денені тұрғындардың бірі тауып алып, полицияға хабар берген болатын. 66 жастағы шенеунікке жай оғы түсіп қаза болған. Денесінде ешқандай зорлық іздері анықталмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети