23 маусым 2017 12:11

Назарбаев: 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының саны 18 миллионға жететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының саны 18 миллионға жететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1991 жылы Тәуелсіздігіміз жайлы жариялаған кезде қазақтар Қазақстан халқының тек 40 пайыз үлесін құраған еді. Мен сайланғанда қанша пайыз дауыс жинаймыз ойлауға қорықтық. Қазір қазақтардың үлесі 70 пайыздан асады", - деді Қазақстан Президенті V Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы барысында.

"Құдайға шүкір, осы жылдары біз Қазақстан халқының санын сақтап қалдық. Жыл сайын елімізде 400 мыңнан аса бала дүниеге келеді. Мен 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 18 миллион болатынын мәлімдеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Астанада 22-25 маусым аралығында Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр. Онда әлемнің 39 елінен келген 800-ден аса делегат пен қонақ қатысып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети