03 шілде 2014 19:17

Назарбаев EXPO-2017 нысандары құрылысын сенімді компанияларға тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 нысандарының құрылысын қазақстандық компанияларға сеніп тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 


Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 нысандарының құрылысын қазақстандық компанияларға сеніп тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Барлық қазақстандық мердігерлерге EXPO-қалашықтың құрылысы сеніп тапсырылды. Біз дүниежүзінің алдында өз мүмкіндіктерімізді сапалы әрі дер кезінде көрсетуіміз қажет. Мен сендердің барлықтарыңды жақсы білемін, басқа нысандарды салуда сендер өздеріңді жақсы жақтарыңнан көрсеттіңдер. Осы нысандарды басқа елдің құрылысшыларына да салғызуға болар еді. Ұсыныстар да көп түсті. Бірақ мен өз еліміздің құрылысшыларына сенуді дұрыс деп санадым. Өйткені біраз жылдан бері қазақстандық және Қазақстанда жұмыс істеп жүрген компаниялар өздерінің жұмыс істей алатындарын дәлелдеді. Сендер талай қиындықтар тезіне түсіп  әбден сыналған жұмысшыларсыздар. Сендер бұған дейін мені ұятқа қалдырған жоқсыңдар, алдағы уақытта да солай болады деп сенемін. Бірлесіп жұмыс жасайық. Біз қазан айына дейін нысандардың іргетасын қалап бітіруіміз керек. Сонда қыс бойы бірінші қабаттан бастап құрылыс жұмыстар жүре береді. Уақыт өте тар. Сондықтан өте тығыз кестемен жұмыс істеуге тура келіп тұр", – деді Мемлекет басшысы. 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 көрмесіне арнайы салынған пәтерлерді  көрме аяқталғаннан кейін қазақстандықтарға тұрғын үй ретінде беруді тапсырды. "Біз EXPO-2017 көрмесіне арнайы салынған ғимараттардың ары қарайғы қолданылуы туралы да ойлануымыз керек. Көрме кезінде қонақ үй ретінде салынған үйлер кейін қалалықтарға, жалпы қазақстандықтарға тұрғын үй ретінде берілуі тиіс. Барлық сауда үйлерін, ойын-сауық орталықтарын, ғылыми орталықтарды көрмеден кейін де қажетімізге жаратуымыз керек. Кейбір көрме өткізген мемлекеттерде көрмеге арнайы салынған ғимараттар кейіннен бос қалды. Талғат, сен осы EXPO-2017 көрмесіне арнап салынған құрылыс нысандарының бәрі көрмеден кейін пайдаланылуына жауап бересің", деді Елбасы  "Астана ЭКСПО 2017" ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевқа. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы көрмеде қазақтың ұлттық мәдениетін көрсетуге дайындықты күшейту қажеттігін  тілге тиек етті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети