20 тамыз 2019 14:48

Назарбаев Nur Otan партиясында тағайындаулар жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Омархан Өксікбаев, Павел Казанцев. Фото: parlam.kz, atameken.kz Омархан Өксікбаев, Павел Казанцев. Фото: parlam.kz, atameken.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясында тағайындаулар жүргізді. Бұл туралы партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясында тағайындаулар жүргізді. Бұл туралы партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Nur Otan партиясының Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаулысымен Омархан Өксікбаев - партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Павел Казанцев Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - деп жазды Байбек Twitter желісіндегі парақшасында.

Омархан Өксікбаев  1954 жылғы 22 желтоқсанда Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылында туған. 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірді. 1991 жылы Францияда (Парижде) Нарықтық экономикадағы аудиторлық қызмет мамандығы бойынша білім алды. Экономика ғылымдарының докторы.

Павел Казанцев 1960 жылдың 22 наурызында Томск қаласында туған. 1982 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын "Автомобильдер және автошаруашылық" мамандығы бойынша үздік бітірген. 1986 жылы Ф.Э. Джерзинский атындағы КСРО МҚК Жоғары мектебін бітірген.  2003-2007 жылдары Астана қаласы Мәслихатының депутаты болды. Ағылшын тілін жетік меңгерген.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети