Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Назарбаев Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасымен кездесті

30 Қазан 2014, 17:50
0
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың басымдығы бар мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахайян өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті тұстарын талқылады", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің даму қарқыны жоғары екеніне назар аудара отырып, елдеріміздің арасындағы өзара іс-қимыл соңғы жылдары барлық негізгі бағыттар бойынша нығайғанын атап өтті.

Әңгіме барысында Таяу Шығыс елдерінің ішінде БАӘ-нің Қазақстандағы негізгі инвесторлардың бірі болып отырғаны да айтылды. Тығыз ынтымақтастықтың мысалдары ретінде Астанадағы көпфункционалды "Әбу-Даби Плаза" кешенінің құрылысын, Al Hilal Bank ислам банкі мен Қазақстандағы "Фалах бірлескен инвестициялық қордың қызметін айтуға болады.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ-де жұмыс сапарымен жүр. 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының аясында ол Global Islamic Finance Awards (GIFA) ұйымының "Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы" сыйлығымен марапатталды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай