05 маусым 2017 10:11

Назарбаев әдеп жөніндегі уәкіл туралы заңға енгізілген өзгертулерді бекітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыны бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыны бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат) cәйкес, Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде: "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген 2-тарауда: "Б" корпусы бөлімінде: В санаттары тобының В-4 санатында: "Бас консультант" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Әдеп жөніндегі уәкіл4"; С санаттары тобының С-3 санатында: "Консул - консулдықтың басшысы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Әдеп жөніндегі уәкіл"; D санаттары тобының D-3 санатында: "Баспасөз хатшысы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Әдеп жөніндегі уәкіл".

Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі.

"Аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері жоқ мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарында және аумақтық бөлімшелерінде, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, шет елдегі мекемелерде, тексеру комиссияларында, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдерінің аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары осы мемлекеттік органдардың қызметшілеріне жүктеледі.

Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі", - делінген Ақорданың сайтында. 

Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымын атқаратын адам осы мемлекеттік органдардың құрылымына кіретін ведомстволардың және аумақтық бөлімшелердің, шет елдегі мекемелердің, аудан деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне әдіснамалық басшылық жасауды үйлестіреді және жүзеге асырады әрі орталық атқарушы органның жауапты хатшысына бағынады, ал жауапты хатшы немесе көрсетілген лауазымды адамдар болмаған жағдайда мемлекеттік органның аппарат басшысына не қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар адамға бағынады.

Сондай-ақ, осы Жарлықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети