Назарбаев: Ақ үйдің жаңа әкімшілігімен әріптестікті нығайтуды жалғастырамыз

03 Шілде 2017, 12:26
0
Назарбаев: Ақ үйдің жаңа әкімшілігімен әріптестікті нығайтуды жалғастырамыз - © instagram/akordapress
© instagram/akordapress

Қазақстан АҚШ-пен ынтымақтастығын нығайтуды жалғастырады. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық миссия басшыларының кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ұлы дала өз мүддесін қорғау және алға жылжыту мақсатында дипломатиялық тәсілдерді пайдаланады. Заманауи отандық дипломатия тарихи дәстүрлерді жалғастырып келеді. Қазақстанның тәуелсіздік жылдары өзінің барлық көрші елдерімен, барлық қызығушылық танытқан елдер және ұйымдармен достық әрі құрылымдық қарым-қатынас орнатты", - деді Назарбаев. 

"Біз АҚШ-пен ынтымақтастығымызды ұлғайтып, Ақ үйдің жаңа әкімшілігімен байланысты одан әрі жақсартамыз. Еуропа одағымен - біздің ең үлкен сауда-экономикалық инвестициялық серіктесімізбен ынтымақтастықты дамытамыз. Сауда көлемін ұлғайтып жатырмыз, бұл құжат ЕО-ға мүше елдер арасында ратификацияланды. Басқа елдердің бізді қолайтынына сенемін әрі үміттенемін. Ратификация жүріп жатыр, кім келісімін берде оларға шексіз алғысымызды білдіреміз", - деп қосты Мемлекет басшысы. 

Президент осы жылдары Қазақстанның 182 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанын мәлімдеді, шет елдерде 57 елшілік пен 31 дипломатиялық мекеме ашылды. Елімізде 95 елдің елшіліктері және халықаралық ұйымдардың мекемелері орналасқан. 

Еске салайық, 2 шілдеде Қазақстанда дипломатиялық қызметкер күні тойланды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай