03 ақпан 2017 11:40

Назарбаев: Әкімдер көрші өңірде не болып жатқанын көруге ерінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында кейбір облыс әкімдерін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында кейбір облыс әкімдерін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл біз алғаш рет жеке серіктестіктің қалай жұмыс істейтінін байқап көрдік. Біреулер жақсы жұмыс істейді, ал кейбіреулері әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында жеке инвестицияларды тартудың амалын дұрыс іздемейді. Кейбір облыстар мен өңірлерде мыңдаған балабақша мен мектеп салынып жатыр, бірақ қалған облыстарда ешқандай жұмыс істелмей жатыр. Олар көрші облысқа барып, онда не болып жатқанын көріп қайтуға ерінеді. Ал өздері мемлекеттік инвестицияға ғана сүйеніп, ештеңе істемейді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің сөзіне пікір білдіре отырып.

Еске салайық, 25 қаңтарда Қазақстан Президенті қазақстандықтарға арнайы үндеу жасаған болатын. Президенттің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуі телеарналар эфирінде таратылды. Кейінірек Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының мәтіні жария болған еді. Жолдауда Назарбаев Үкіметтің бір орынды шиырлай беруді доғаруын, сондай-ақ, Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне "Қазақстан киберқалқаны" жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети