20 наурыз 2019 12:20

Назарбаев Ақордадан қайда көшеді?

© Тұрар Қазанғапов

"Назарбаев орталығында" Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке кабинеті болады. Бұл туралы Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Назарбаев орталығында" Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке кабинеті болады. Бұл туралы Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Назарбаев орталығында" отырады", - деді Махмұд Қасымбек журналистерге.

Реклама
Реклама


Астанадағы "Назарбаев орталығы"

Сондай-ақ, ол Тұңғыш Президент Кеңсесінің қандай қызметпен айналысатынын айтып өтті. "ҚР Елбасы Тұңғыш Президентінің қызметін құжаттамалық тұрғыдан қамтамасыз ету", - деді Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы.

Кеше, Махмұд Қасымбек Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы болып тағайындалған еді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының "Президенттік мәдениет орталығы" мемлекеттік мекемесінің негізінде Қазақстанда мемлекеттіліктің тарихын жүйелі зерттеу және танымал ету мақсатында көпфункционалды ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық "Назарбаев орталығы" мемлекеттік мекемесі құрылды. Назарбаев орталығы қызметінің негізгі мәні - Қазақстандағы мемлекеттілік тарихын зерттеу мен танымал ету бойынша бірыңғай және белсенді ақпараттық кеңістік құру мен одан әрі жетілдіру.

Еске салайық, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты. Президент келесі сайлау мерзіміне дейін өкілеттігін Сенат төрағасына тапсырды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады