11 ақпан 2016 17:17

Назарбаев АҚШ-қа наурыз айында барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама. © Akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама. © Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев мамыр айының аяғында Америка Құрама Штаттарына барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев мамыр айының аяғында Америка Құрама Штаттарына барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролға сілтеме жасап.

"Сіздердің Президент Вашингтонда наурыздың аяғында - сәуірдің басында өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысады", - деді Крол Астанадағы баспасөз мәслихатында. Елші екі мемлекеттің басшыларының келіссөздер жүргізуі мүмкін екендігін атап өтті. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың Барак Обамамен өткен жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында кездескенін еске салды.

АҚШ президенті Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке шақырған болатын. 

Айта кетейік, биыл Қазақстанға АҚШ-тың сауда министрінің орынбасары және энергетика министрі келуді жоспарлап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети