Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев АҚШ-қа сапар қорытындысы бойынша брифинг өткізді

30 Қыркүйек 2015, 07:56
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына сапар қорытындысы бойынша брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы бұл сапарының БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен мерейтойлық сессияға қатысу үшін жасалғанын атап өтті.

"Мен Бас Ассамблеяның жалпы дебатында еліміздің жаһандық саяси және экономикалық мәселелерге қатысты көзқарасын ортаға салдым. Сонымен қатар тағы екі саммитке - 2015 жылдан кейінгі даму кезеңінің күн тәртібін қабылдау жөніндегі және зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы күрес жөніндегі самиттерге қатыстым. Сондай-ақ бірқатар мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларымен кездесудің мүмкіндігі туды. Мұның бәрі Қазақстан үшін маңызды, еліміздің пікірін жаһандық қоғамдастық естіді", - деді Мемлекет басшысы.

Сапар барысында Президент қатысушылардың назарын Арал теңізінің, Семей полигонының проблемаларына аударды. Мемлекет басшысының айтуынша, адамзат 2045 жылға қарай барлық негізгі мәселені, әсіресе қақтығыс ошақтарындағы проблемаларды шешуі тиіс.

Президент  БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінен еліміздің мемлекеттік тілінде алғаш рет сөз сөйленгеніне де тоқталды. "Менің мемлекеттік тілдегі сөзім, оның Ұйымдағы барлық ресми алты тілге ілеспе аударылуы да жақсы нышан болды", - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланғанын айтты. Атап айтқанда, Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің келуі жоспарланып отыр. "Барак Обамен барлық жеті жыл бойында өткен диалог жемісті болды. АҚШ біздің республикамыздың ДСҰ-ға кіруіне атсалысты, барлық бастамамызды әрдайым қолдап келеді. Қазақстанда 500-ге жуық америкалық компания жұмыс істейді, АҚШ-тың тікелей инвестицияларының көлемі 30 миллиард доллардың шамасында. Мен біздің еліміз өз талпыныстары мен экономикалық бағдарламалары АҚШ тарапынан қолдау табады деп сенетінін атап өттім", - деді Назарбаев.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай