Назарбаев ақшаны шетелде сақтайтын қазақстандық компанияларға ескерту жасады

06 Желтоқсан 2017, 13:29
0
Назарбаев ақшаны шетелде сақтайтын қазақстандық компанияларға ескерту жасады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Президент Нұрсұлтан Назарбаев капиталды шетелде сақтайтын қазақстандық компанияларға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ойнап-шалқығандарың жетеді, ойынның қызығына түсіп кеттіңдер. Жетер, қайықтарды сатып алып қойдыңдар, басқа елдерде коттедждер мен үйлерің бар. Біз әлі ешкімді тексерген жоқпыз, ақша таба тұруға мүмкіндік бергіміз келді. Бірақ сіздер мұның барлығын мемлекет беріп отырғанын ұмытпаңыздар. Бұл мәселемен премьер-министр айналыспаса, мен өзім айналысамын. (...) Ақшаны үйде ұстаған қауіпсіз, біз ол ақшалардың сақталуын қамтамасыз етеміз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы отандық компаниялардың шетелде ақша сақтамауы керектігін айтқан болатын.

"18 отандық компания 12,5 миллиард долларды шетелде ұстап отыр. "Теңізшевройл" - 4,5 миллиард доллар. "ҚазМұнайГаз" - үш миллиард доллар. "РД "ҚазМұнайГаз" - екі миллиард доллар. "Азиялық газ құбыры" - миллиард доллардан аса. "Бейнеу - Шымкент" газ құбыры - 100 миллион. Осылай кете береді", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай