Назарбаев Ақтауда "DP World" басшысымен кездесті

11 Тамыз 2018, 14:55
0
Назарбаев Ақтауда "DP World" басшысымен кездесті - © akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "DP World" компаниясы басқармасының төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайеммен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы "DP World" компаниясының жүк тасымалы мен логистика саласындағы жетістіктерін атап өтті.

"Сіздер әлемдегі 78 терминалды басқарып, 6 құрлықтағы 42 елмен жұмыс істейсіздер. Біз үшін сіздердің мол тәжірибелеріңіз аса маңызды, сіздермен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті инвестиция тарту үшін жасалып жатқан еліміздегі жағдайға ерекше тоқталып, Құрық порты еркін экономикалық аймағының басымдықтары жөнінде айтты.

"Біз жаңа жол салдық, Алашанькоу мен Қорғас арқылы өтетін екі жол тартылды. Осылайша, біз Шығыс Қытай провинциясынан Қазақстан, Орталық Азия, Ресей, Парсы шығанағы, Қара және Жерорта теңіздері арқылы Еуропаға жүк тасымалдау көлемін толық қамтамасыз етіп отырмыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Компания жетекшісі Мемлекет басшысын Құрық порты мультимодальды терминалының іске қосылуымен құттықтап, Қазақстанда трансұлттық тасымалдаушылардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалғаны үшін алғыс білдірді.

"Мен Сіздің сіңірген еңбегіңізді тағы да жоғары бағалағым келеді. Бұл жобаның жүзеге асырылуы, шындығында, ғажайып іс болып саналады. Себебі инфрақұрылымға қаржы салмай, Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ осы өңірде экономикалық тұрғыдан жетістікке жету мүмкін емес. Біз өз тұтынушыларымыздың мақсаттары мен қажеттіліктері үшін Ақтау портының жұмысына мүдделі болып отырмыз", - деді Сұлтан Ахмед бин Сулайем.

Соңында Қазақстан Президенті "DP World" компаниясының басшысына өзара тиімді ынтымақтастық жолында зор табыс тіледі.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай