Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Назарбаев Ақтөбеде теракт жасағандар жайлы: Бірде-бірін қалдырмай ұстау қажет

08 Маусым 2016, 12:16
6
akorda.kz ©
akorda.kz ©

Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың твиттеріне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Владимир Жұмақанов Мемлекет басшысына Ақтөбе облысындағы антитеррорлық операцияның барысы жайында баяндады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қазіргі уақытта 13 адамның көзі жойылғанын, 14 адамның жарақат алғанын хабарлады. Сонымен қатар, қылмысқа дайындалу деңгейінде 20 адамның бас тартқаны және олардың аты-жөндері анықталып, олардан жауап алынғаны айтылды. Қазіргі уақытта 6 адам іздеуде жүр, олар Ақтөбе облысында делінеді.

Қазақстан Президенті Ақтөбе облысында террорлық әрекеттерге қатысы бар адамдарды тауып, ұстау бойынша тиімді жұмыс жүргізудің қажеттілігін атап өтті.

"Біз олардың өңірде екенін білеміз, олардың аты-жөндері анықталды, халыққа ескерту жасалды. Барлығын бірде-бірін қалдырмай ұстау қажет. Қарулы қарсылық көрсетсе көзін жойылсын. Барлығы ең қатал жаза алсын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай