09 қазан 2018 18:22

Назарбаев Әл-Азһардың Бас имамымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Ақорда баспасөз қызметінен Сурет Ақорда баспасөз қызметінен

Қазақстан Президенті Әл-Азһардың Бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайебпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Әл-Азһардың Бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайебпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Бас имамға ілтипат білдіріп, мұндай жоғары деңгейдегі қонақтардың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысуының Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті.

"Бізді Әл-Азһар университетімен ертеден орнаған қарым-қатынастар байланыстырады әрі оның ғалымдарының еңбектерімен таныспыз. Сіздің съезге қатысуыңыз ортақ ісімізге қосылған зор үлес болатынына сенімдімін", - деді Мемлекет басшысы.

Шейх Ахмад ат-Тайеб форумға шақырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді. 

"Менің Қазақстанға алғаш сапармен келген кезімнен бері Астана қатты өзгерген. Мұнда көптеген әдемі ғимараттар бой көтеріпті", - деді дін қызметкері.

Кездесу барысында тараптар конфессияаралық диалогтың өзекті мәселелері мен оны әрі қарай дамыту перспективаларын талқылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети