23 қаңтар 2015 20:39

Назарбаев әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық туралы жарлыққа қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©akorda.kz ©akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтар туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтар туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін: Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы және Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын", - делінген жарлықтың мәтінінде. 

Осы жарлыққа сәйкес, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже, Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже, Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже, Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы, Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасы бекітілетін болады. 

Айта кетейік, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтар әдетте Тәуелсіздік күні қарсаңында беріледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети