16 сәуір 2015 19:29

Назарбаев алдағы сайлауға қатысуы жайлы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдеріне алдағы сайлауға қатысуы туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдеріне алдағы сайлауға қатысуы туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысы қазақ-түрік бизнес-форумының қорытындысынан кейін журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап беру үшін баспасөзге шықты. Олардың біреуі алдағы президент сайлауына қатысты болды.

Мемлекет басшысынан сайлауалды шараларға баға беру сұралды. "Мен президенттікке үміткермін, сондықтан оны бағалай алмаймын. Содан кейін сіздер маған шабуыл жасайсыздар, бағалады, көндірді деп", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БАҚ өкілдеріне сайлауға қандай күйде баратынын айтып берді. "Сіздер кезектен тыс сайлаудың шығу тарихын білесіздер. Халықтан мыңдаған қол қойылған өтініштер келіп түсті, сондықтан халықтың ойымен келісуіме тура келді. Сайлаудың қорытындысында адамдар өз ойларын айтып, дауыстарын бағалайтын, сенетін адамға, Қазақстан одан әрі дамып, халық бұдан да жақсы өмір сүруі үшін мандат береді деп ойлаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді.Орталық сайлау комиссиясы осыған дейін үш үміткерді тіркеген болатын - қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты, Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілі Тұрғын Сыздықовты, өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайыновты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети