25 қараша 2015 14:40

Назарбаев Алматы облысының әкімімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы өңір экономикасын тұрақтандыруды жалғастырудың, мемлекеттік бағдарламаларды орындаудың, сондай-ақ жұмыспен қамтылуды ұлғайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті облыстың инвестициялық тартымдылығын дамыту, шағын және орта бизнес субьектілерін қолдау жөніндегі міндеттерді орындауды жалғастыра беруді тапсырды.

Алматы облысының әкімі өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Баталов облысты дамытудың негізгі бағдарламалық құжаты осы мақсатта арнайы әзірленген, он алты бағытты қамтитын Жоспар болғанын атап өтті.

"Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, экономикаға инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында нақты жұмыс бағыты айқындалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, биыл облыс экономикасы барлық көрсеткіштер бойынша қарқынды дамыды. Атап айтқанда, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция салаларында өсім байқалып отыр", - деді Алматы облысының әкімі.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Дамыту жөніндегі жоспарда қарастырылған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде Алматы облысының экономикада өсімге қол жеткізгені белгілі. Бюджет түсімдері 102 пайызға қамтамасыз етілді, дотациялар көлемі 15 пайызға қысқарды.

Жер мәселелерін реттеу мақсатында кешенді жер картасы әзірленді. Төрт ауданда пилоттық негізде ирригациялық желілерді қайта жөндеу жұмыстары басталды, Балқаш көлі мен Іле өзенінің саязданып кетуіне байланысты мәселелер шешіліп жатыр.

Ауыл шаруашылығындағы қант қызылшасы егістігі 4020 гектарға дейін ұлғайды, Көксу қант зауыты іске қосылды. Мал шаруашылығында "Сыбаға", "Құлан", "Алтын асық" бағдарламалары аясында асыл тұқымды мал басы көбейіп келеді, "Ырыс" бағдарламасы бойынша 50-100 бас малы бар отбасылық тауарлы-сүт фермаларын құру ісі ынталандырылып жатыр.

Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі қолданыстағы бағдарлама аясында 360 компания қаржылық қолдауға ие болды. 100 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Аудандардың дамуындағы әркелкілікті азайту мақсатында 11 өнеркәсіп алаңы құрылып, экономикалық өсімнің жаңа ошақтары қалыптасып жатыр.

Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын дамыту үшін электр желісі тартылып, автокөлік жолдары жөнделуде. Теміржол қатынасы ұйымдастырылды, енді әуе қатынасын ашу да жоспарланып отыр.

Білім беру саласында апатты жағдайдағы мектептерді жою жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. 2018 жылға дейін үш ауысыммен оқыту толығымен жойылады. Биыл жеке меншік инвестициялар есебінен 83 балабақша ашу жоспарланған. Соның нәтижесінде балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметімен қамту деңгейі 77 пайызға жететін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети