26 наурыз 2014 21:21

Назарбаев Алматыда Атамбаевпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев. Ақорда 2012 жыл Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев. Ақорда 2012 жыл

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынасты, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Назарбаев пен Атамбаев  бірлескен қазақ-қырғыз  инвестициялық қоры жұмысының негізі бағыттарын, еуразиялық кеңістіктегі  интеграциялық бірігу жолдарын сөз етті.

Назарбаевтың айтуынша, екі елдің экономикасына әсер ететін келісімдер өте маңызды. "2011 жылмен салыстырғанда екі ел арасындағы тауар айналымы 41 пайызға өсіп, миллиард доллардан асты. Алда талай жұмыстар бар. Қазақстан мен Қырғызстанға мемлекетаралық комиссия құрып, мемлекетаралық Жоғарғы кеңес отырысын өткізу керек. Осы орайда біз өзара серіктестігіміздің бағыттарын жан-жақты талқылауға дайынбыз", - деді Қазақстан басшысы Н.Назарбаев.

Өз кезегінде Атамбаев осы кездесу үшін Назарбаевқа алғыс білдірді. Сондай-ақ ол әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес Қазақстанның татулық пен тұрақтылық жағынан Орталық Азиядағы жетекші мемлекет екенін атап өтті. "Біздің осындай кездесулеріміздің барысында Сізден үйренетін тұстарымыздың мол екенін түйіп жүремін" , - деді көрші мемлекеттің басшысы А.Атамбаев.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети