18 сәуір 2015 12:33

Назарбаев Алматыдағы сауда орталығынан тауар сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Tengrinews.kz @Tengrinews.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Dostyk Plaza сауда ойын-сауық орталығын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақордаға" сілтеме жасап.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Dostyk Plaza сауда ойын-сауық орталығын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақордаға" сілтеме жасап.

"Елбасы сауда-сауық орталығының жаңа ғимаратын аралап көрді. Сондай-ақ "Made in Kazakhstan" брэнді өндірген өнімдермен танысып, қазақстандық тауарларды сатып алды", - делінген хабарламада.

Қазақстан Президентіне қала базарлары мен көлік инфрақұрылымын қайта жөндеу барысы және жаңа сәулеткерлік жобалар туралы баяндалды.

Айта кетейік, "Dostyk Plaza" сауда-сауық орталығы 2014 жылы ашылған. Үш қабатты кешен ғимаратында 174 дүкен, 18 дәмхана және мейрамхана, сондай-ақ 10 залдан тұратын кинотеатр бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети