Қазақстан Президенті Алматыда Қырғыз Республикасының Президенттігіне кандидат Өмірбек Бабановпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейтіп, бауырластыққа негізделген қарым-қатынасты одан әрі нығайту қажеттігі жөнінде айтты.

"Қазір Қырғызстан ел Президентін сайлау науқаны алдында тұр. Бұл - кез-келген мемлекет үшін аса маңызды кезең. Мен Қырғызстанның тәуелсіздік алғаннан бергі барлық президенттерімен жемісті жұмыс жасауға тырыстым. Қырғыз халқы сенім білдіріп, жаңадан сайлайтын келесі президентпен де өзара тиімді іс-қимыл қалыптастыратын боламыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының арасындағы бірлік пен достықтың маңыздылығына назар аударды.
"Арамызда бөліске түсетін ештеңе жоқ. Біз бауырлас қырғыз халқына әрдайым қолдау көрсетіп келеміз және оған алдағы уақытта да көмек беруге әзірміз. Бұл - көлік-транзит саласындағы ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара ықпалдастыққа қатысты мәселе", - деді Қазақстан Президенті.
Бабанов қырғыз халқы Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік жолындағы күш-жігерін жоғары бағалап, оны қолдайтынын атап өтті.
"Мен Қырғызстанның Премьер-Министрі қызметінде болған кезде елдеріңіз бізге тұрақты түрде жан-жақты қолдау көрсетті. Біз бауырлас Қазақстан халқының барлық жетістіктеріне қуанамыз", - деді Қырғыз Республикасының Президенттігіне кандидат.