20 қыркүйек 2017 15:48

Назарбаев Алматының жаңарған көшелерін аралап көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімдігі мен әкімшілік ғимараттар кешенін, жаяу жүргіншілерге ыңғайланып қайда жөнделген Жібек жолы, Панфилов көшелерін және "Астана" алаңын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімдігі мен әкімшілік ғимараттар кешенін, жаяу жүргіншілерге ыңғайланып қайда жөнделген Жібек жолы, Панфилов көшелерін және "Астана" алаңын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Алматы қаласының тұрғындар мен қонақтар үшін жайлылығын арттыру мақсатымен жүргізілген ауқымды қайта жөндеу жұмыстарының басты нәтижелері туралы мәлімделді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланы абаттандыру, жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысындағы көлік жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігіне бағытталған заманауи шешімдер жөнінде айтылды.

Елбасы Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығына барды. Қазақстан Президентіне Алматының жаңа ауданын салған кезде елімізде жасалған құрылыс материалдарын пайдалану деңгейі 95 пайызға жеткені мәлімделді. 2 мектеп, 3 емхана, 17 спорт және балалар ойнайтын алаңдар салынды. 33 балабақша құрылысы мемлекет-жекеменшік серіктестігі қағидаты бойынша жүзеге асқан. Ауданның 100 пайыз газбен қамтамасыз етілуі маңызды инфрақұрылымдық жетістік саналады.

Бұдан бөлек, Наурызбай ауданының әкімі С.Сайфеденов Мемлекет басышысына салық түсімдерінің 11 есе артқаны, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны төрт есе өскені және Алматының полицентристік стратегиясы аясында табысты дамып келетіні жөнінде баяндады.

"Жаңа әкімшілік орталық ашылғалы мемлекеттік қызметтердің барлығы бір жерден көрсетіледі. Жуық арада мұнда жаңа спорт және мәдениет нысандары пайда болады, тұрғын үй мен балабақшалар салынуда", - деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Наурызбай ауданындағы емхананы аралап көрді. 

Қазақстан Президентіне бұл емханада алғашқы медициналық көмек көрсетуден бөлек, асқазанның қатерлі ісігін алдын-ала анықтау мақсатымен скринингтік зерттеулер жүргізу жоспарланып отырғаны баяндалды. Сондай-ақ, мұнда рентген диагностикасы бөлімшесі, офтальмолог, оториноларинголог, торакальді және абдоминалды колопроктология кабинеттері ашылған, тағы басқа бөлмелер жабдықталған.  

Емханада азаматтарды электрондық тіркеу орны, Call-орталық бар. Онда Наурызбай ауданының тұрғындарына шұғыл көмек көрсететін жедел жәрдем бригадасы орналасқан.

Сонымен қатар, Елбасыға жуық арада "Қалқаман" шағын ауданында тағы бір медициналық мекеменің ашылатыны және "Тау самалы" шағын ауданында да емхананың құрылысы басталатыны жөнінде мәлімделді.

Соңында Мемлекет басшысы ауданның Ардагерлер кеңесі мүшелерімен әңгімелесті.

"Алматы қаласы тұрғындары санының артуы сәйкесінше оның аумағын да ұлғайтуды қажет етеді. Үш жыл бұрын жаңа Наурызбай ауданын құру жөнінде шешім қабылданды. Осы уақыт ішінде тиісті инфрақұрылым жасау жолында көп жұмыс атқарылды. Қала орталығымен ыңғайлы әрі жылдам қатынас орнату үшін көлік мәселесіне қатысты қажетті шешімдер де қабылданатын болады", - деді Елбасы.

Ардагерлер кеңесінің мүшелері аудан жұртшылығының атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа аудан құрылғаннан бергі үш жылда оң өзгерістер болып жатқанына орай алғыс білдірді.

Айта кетейік, Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында жергілікті әкімдік, сот, прокуратура, халыққа қызмет көрсету орталығы, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, Қазпошта бөлімшесі, зейнетақы төлеу орталығы, мемлекеттік кіріс, әділет басқармалары және тағы басқа мекемелер орналасқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети