13 тамыз 2014 14:26

Назарбаев әскери техникалар мен қаруларды сенімді жерден жеткізуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов © Фото Тұрар Қазанғапов ©

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Серік Ахметовты қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz  Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Серік Ахметовты қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz  Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Назарбаев оқ-дәрілерді қазақстандық кәсіпорындарда өндіру мәселесіне көңіл бөлу керектігін айтты. Елбасы сондай-ақ, әскери техникалар мен қаруларды сенімді өндіріс орындарынан сатып алу керектігіне де тоқталды. Н.Назарбаев еліміздегі қорғаныс-өндіріс кешендерін дамыту жайын сөз етіп, әскери-техника шығаратын халықаралық жетекші өндіріс орындарымен байланыс орнату керектігін де тілге тиек етті. 

Елбасы қабылдауында болған Серік Ахметов болса Қарулы күштердің әр уақытта сақадай сай, дайын болып тұру үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп отырғанын, әскерилердің тәжірибе негізінде шыңдалып, олардың дайындығын көтеруде түрлі шаралардың ұйымдастырылып жатқанын мәлім етті. Ел әскерінің заманауи қарулар мен әскери техника түрлерімен жарақтандырылып жатқанын да айта кетті. 

Сонымен қатар Қазақстан Президенті ықшамдалған Үкіметтің жасақталуына байланысты, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жолында министрлікке жүктелетін міндеттер мен тетіктерді қарастыруды тапсырды. Кездесу соңында Мемлекет Басшысы сала жетекшісіне бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети