Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Астана әкімі Тасмағамбетовты қабылдады

13 Қазан 2014, 18:55
0
©Akorda.kz
©Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ инвестициялық жобалар мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімдеді.

"Қазақстан Президенті Астананың өз-өзін қамтамасыз ету деңгейі өсіп келе жатқанына және оған жұмсалған қаражаттың айтарлықтай тиімділігі байқалатынына назар аударды. Иманғали Тасмағамбетов инвестиция, құрылыс, қызмет көрсету және сауда сияқты салалардың дамуында оң қарқын бар екенін айтты. Қала әкімі республикалық бюджеттен трансферттелетін қаржы көлемі шаһардың өз кірісінің молаюы есебінен азайып келе жатқанын да атап өтті", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай