08 маусым 2015 13:44

Назарбаев Астана жайлы: Жел мен шаң азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Akorda.kz ©Akorda.kz

Мемлекет басшысы елорданың "Жасыл белдеуінің" даму қарқынымен танысып шығып, тілшілерге оның не үшін қажет екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы елорданың "Жасыл белдеуінің" даму қарқынымен танысып шығып, тілшілерге оның не үшін қажет екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ағаш егу керек, үй салу керек, баланы өсіру керек және тағы да сол сияқты айтылады. Ер адам үшін, әрбір адам үшін сол әдістердің бірі - ағаш отырғызу, ал біз елордамыздың айналасында орман өсірдік. Мақтаныш, ғажайып. Мен оны "астаналық орман" деп атаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астана айналасындағы "Жасыл белдеуді" тамашалағаннан кейін.

Мемлекет басшысы ертеде далалық болған жерде 70 мың гектар орман жынысының пайда болғанын атап өтті. "Мұнда ештеңе өспейді, отырғызуға келмейді, өліп қалады делінді. Орманшыларымыздың еңбегі зор. Бұл жетістікке жету үшін еңбек ету керек, топырақты игеру керек. Бала секілді осындай бұтақтарды өсіру, осының бәрін жыл сайын бақылау", - деді Президент орманның дамуына үлес қосқандарға алғыс білдіре отырып.

Астананың "Жасыл белдеуі". Фото Әсел Сатаева.

Президент Астананың жасыл аймағының арқасында елорда тұғындарына мұның тек жағымды әсерін беретінін атап өтті. "Қалада бүгінде шаң жоқ, қалада жел азайды, бұл да ғылымның күші. Оңтүстік батыстан жел соғып, орманға келгенде жел көтеріледі, жел болса төменге түспейді ғой, жоғары кетеді. Сондықтан да Астанада қазір жел мен шаң аз", - деді Мемлекет басшысы баспасөз мәслихаты кезінде.

Президенттің айтуынша, Астана аймағының көгеруі - болашақта қалалықтар үшін демалыс орны болады, мұнда велосипед жолдарын, кемпинг және кафе салу жоспарланып отыр.

"Осы ормандарда жемістер, қарақатбар, сосын мұнда саңырауқұлақтар өсе бастайды, адамдар шелекпен тере бастайды. Осы өңірлерде бұрынырақта жоғалып кеткен тіршілік пайда болды. Мұнда қоян, түлкі, қасқыр, елік бар, қазір қырғауылдар шығарылып жатыр (...). Қазақстандық ғажайып, келер ұрпақ үшін ғажайып орманды өзіміз жасадық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ресми мәліметтер бойынша, "Жасыл белдеудің" ауданы - 14 827 гектар, оның 11 500 гектарында орман өсіріліп жатыр, онда 9,6 миллион ағаш және шамамен екі миллион бұта бар. 

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев елорданың "Жасыл белдеуіне" жыл сайын барып тұрады. Осыған дейін 2020 жылға дейін Астананың шеткі аймақтарындағы орманның ауданы 101 мың гектарға жететіні хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети