27 тамыз 2015 15:43

Назарбаев "Астана" клубын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" клубын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" клубын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы елордалық команданы құттықтай отырып, осынау шын мәніндегі тарихи жетістік жанкешті ойынның, ынтымақтың, шебер бапкерлік жұмыс пен жанкүйерлердің қызу қолдауының нәтижесі екенін атап өтті. "Команданың табысы бүкіл Қазақстан халқын тұтастыра түсті. Бұл оқиға спортты елімізде одан әрі танымал ете түсу үшін тың серпін беретініне сенімдімін. "Астананы" енді футболдағы әлемдік алып командалармен бәсекелер күтіп тұр. Бұл біздің жанкүйерлерімізге жаңа сапалық деңгейдегі ойындарды көзбен көруге мүмкіндік береді", - деді Президент. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың атынан командаға жарқын жеңістер тіледі.

Еске сала кетейік, "Астана" футбол клубы екі матчтың қорытындысы бойынша Кипрдің АПОЭЛ командасынан басым түсіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан болатын. Бұл ойынды Астанада мыңдаған адам тамашалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети