30 маусым 2016 12:20

Назарбаев "Астана" көлік-логистика орталығына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tenginews.kz © Tenginews.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" көлік-логистика орталығына барды, - дер хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" көлік-логистика орталығына барды, - дер хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы орталық жұмысымен танысып, жеңілдетілген кедендік ресімдеу аймағын қарап көрді.

Қазақстан Президенті кәсіпорынның еңбек ұжымы өкілдерімен әңгімелесіп,  елдің индустриялық дамуында көлік-логистика қызметтері нарығы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Сыртқы экономикалық қызмет өкілдері бұрын құжаттарын үш тәулікте ресімдейтін, ал мұнда ол жеңілдетілген, 1 сағаттан 3 сағатқа дейін ғана уақыт алады. Біз Астанада тауар өңдеу жөнінен Орталық Азия ғана емес, Кавказ бен Сібірді қоса алғанда ең ірі логистикалық хаб салдық. Ол қазірдің өзінде 70 пайыз жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Бұл - біздің индустриялық бағдарламамыз бен инфрақұрылымдық дамуымыздағы ауқымды іс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Орталық қызметкерлері Мемлекет басшысына осы саланы дамытуға ұдайы көңіл бөліп отыратыны үшін алғыс білдірді.


© Tenginews.kz

Айта кетейік, жалпы аумағы 46 гектар болатын жаңа "Астана" көлік-логистика орталығы терминалдық өңдеу инфрақұрылымы бар Қазақстандағы "А" санатындағы ірі орталық болып саналады. Кәсіпорын халықаралық және республикалық жүк ағымына қызмет көрсету, сондай-ақ тауарлардың қала мен өңірлерге таратылуы үшін қойма және ілеспе қызметтер ұсыну мақсатымен құрылды.

Орталықтың қойма кешендері қойма шаруашылығын жүргізудің заманауи талаптарына сай келеді және тиеу-түсіру аймағының өткізу қабілетін күніне 1000 паллетке дейінгі арттыруға мүмкіндік беретін жаңа құрылғылармен жабдықталған. Жобаны іске асыру аясында Астана мен Шымкентте логистикалық орталықтар желісін құрудан басқа, Қорғас, Ақтөбе, Алматы және Павлодар қалаларында көлік-логистика кешендерін салу және іске қосу көзделген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети