Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Астана күніне орай Мемлекеттік Туды көтерді

04 Шілде 2014, 12:31
0
Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS
Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Атамекен" этномемориалдық кешенінде Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Осылайша, қалыптасқан дәстүр бойынша Астана күнін тойлауға арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Бұдан бөлек, ҚР Президенті шара аясында бірқатар жауынгер-түлектерге офицерлік шен тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі - Астанамызға биыл 16 жыл толды. Тарих үшін қас қағым уақытта зор жетістіктерге жеттік. Болашақты бағдарлап, Есілдің бойында ел қондырған еңбегіміз ақталды. Астана татулық пен тұрақтылықтың құтты ордасына айналды. Қазір елорда Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үрдістің бесігі болып отыр. Бұл - ел тарихына, елорда жылнамасына жазылатын айтулы оқиға. Елорда мерекесі қарсаңында мемлекеттік Туымызды көтеру рәсімі - біз үшін осындай табыстың бірі", - деп атап өтті Назарбаев салтанатты рәсім барысында.

Сонымен қатар, Елбасы - ҚР Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегіне офицерлік шен тапсырды. "Әр уақытта Ту елдің қолына ұстайтын Қарулы күштердің бағалайтын елдіктің рәмізі болып саналады. Сондықтан жас курсанттарға осы жерде алғашқы әскери шен тапсырудың мәні өте зор. Қасиетті Атамекеннің төріне тігілген мемлекеттік Ту алдында офицер атану ерекше құрмет, себебі әскери қызмет мемлекеттік қызметтің ең ұшар шыңы болып саналады. Елді қорғау өзіңнің ата-анаңды қорғау, отбасыңды қорғау, бала-шағаңды қорғаумен бірдей", - деді салтанат барысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы.

Офицерлік шен алғандар арасында радиоэлектроника мен байланыс әскери-инженерлік институты және Қорғаныс министрлігінің құрлық әскері әскери институты, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы, ҚР ТЖМ Көкшетаудағы техникалық институты, ҚР Ұлттық Ұлан әскери институты сынды жоғары әскери оқу орындарының түлектері бар.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай