Назарбаев Астанаға көшіп келген шенеуніктер жайлы анекдот айтып берді

18 Наурыз 2017, 00:09
10
Назарбаев Астанаға көшіп келген шенеуніктер жайлы анекдот айтып берді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесуінде Астананың атауын өзгерту мәселесін талқылай отырып, елордаға көшіп келген шенеуніктер жайлы анекдот айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді.

Мемлекет басшысы Астананың елорда болғаннан кейін алғашқы жылдары қандай жағдайда дамығанын еске алды. Оның айтуынша, Қазақстанның астанасын Қазақстан, Есіл, Сары-Арқа деп атау туралы ұсыныстар қарастырылған.

"Түнде ұйқың келмегенде жақсы ойлар келеді. Немесе қазақ кең далада атпен келе жатқанда жақсы ойлар келеді. Маған әдетте түнде жақсы ойлар келеді, жанымда әрдайым диктофон мен блокнот болады. Онда қажет дүниелерді ұмытпау үшін жазып отырамын. Әрине, Астана дегенде тавтология бар. Бұл атау сіңісіп кетті. Қазақ тілінде де, орыс тілінде де, ағылшында да жақсы жазылады, атауы да қысқа, ешқандай сұрақ тумайды. Оны өзгертудің не қажеті бар? Мен бұл сұраққа жауап берген болатынмын", - деді Назарбаев.

Президенттің айтуынша, 1994 жылы елорда атауын таңдаудың 52 параметрі қарастырылған. "Елорда қайда орналасуы керек, көлік, су ресурстары және тағы да басқа", - деп түсіндірді Президент. Оның айтуынша, Парламент Президенттің ұсынысына келісімін берген. "Парламент әрең дегенде дауыс берді, "жарайды, дауыс бере салайық, бүгін оның туған күні ғой. Бұл 40 жылдан кейін ғана болады ғой. Ол кезде біз болмаймыз да. 1997 жылы, яғни, үш жылдан соң барлығы осында келді, біз оларды пойыздан күтіп алдық", - деді Президент. Сондай-ақ, ол облыстағы табысты кәсіпкерлердің шенеуніктерді орналастыруға коттеджерді бөліп бергенін айтып өтті.

Министрліктегілер партияның өлкелік комитеттерінің ғимараттарына орналастырылды. "Партияның өлкелік комитетінің ғимаратын Хрущов "Целинный крайдың" орталығы еткісі келген еді. Кейінірек ол тіпті Қазақстанның астанасын Целиноград деп өзгерткісі келді. Мен қазір оның істегенін қайталасам да болар еді, иә? Партияның өлкелік комитеті үлкен болып құрылған еді. Оған маңындағы облыстардың барлығы бағынатын. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, тіпті Павлодар. Өлкелік комитет үкіметке жақсы болатын. Онда артқы жағынан тағы Президенттің кеңсесін салған еді", - деді Назарбаев.

Бірақ коттедждер үкімет мүшелерінің барлығына жеткен жоқ, сондықтан тағы ғимарат салу керек болды. "Шенеуніктерге тағы бір үй салып бердік. Бірінші жыл, екінші жыл. Сенбі болған сайын - ұшақ, барлығы Алматыға кетеді. Содан 8 наурыз келіп қалды. Мен содан оларға - осыдан Алматыға біреулерің кететін болсаңдар, қайтып келмеңдер. Әйелдеріңмен осында келіңдер. Әйелдеріңді сонда (Алматыда - автор.) тастап, өздерің мұнда келдіңдер" дедім", - деп әңгімеледі Президент. Осы жерде Мемлекет басшысы бұл жайлы көп анекдоттың бар екенін айтып өтті. 

"Өсіп қалған балалар үйлене бастағанда әкесімен кеңесе бастайды ғой. "Мен осындай қызға үйленгім келеді". Содан әкесі "Ол кім? Ата-анасы кім?", - деп сұрайды. "Анасы көлік министрлігінде жұмыс істейді", - деп жауап береді ұлы. "Болмайды, ұлым", - дейді әкесі. "Неге?", - деп сұрайды ұлы. "Ол сенің әпкең", - дейді әкесі. Осылайша, ұлы бірнеше рет үйлене алмай қалған екен. Содан ол анасымен ақылдасады. Анасы болса ұлына: "Үйлене бер, сен де оның баласы емессің" депті", - деп әзіл айтып берді Назарбаев.

Осыған дейін Назарбаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап бергені хабарланған еді. Кейін журналистер саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұрақ қойған болатын.

Еске салайық, Кездесуге қатысушылар "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, "Esquire" журналының, "Қазақпарат" ақпарат агенттігінің журналистері қатысты. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (10)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай