07 шілде 2018 10:17

Назарбаев Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елбасы Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы шараға қатысушылармен әңгімелесіп, оларды елорданың 20 жылдығымен құттықтады.

Қазақстан Президенті Астананы салуға және дамытуға атсалысқан тұлғалардың бәріне ризашылық білдірді.

"Елорданың бүгінгідей дәрежеге жететініне көпшілік сенбеген еді. Баршаңызға алғысым шексіз. Сіздер қажырлы еңбек етпегенде, мен бұған қол жеткізе алмас едім. Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз болашақ ұрпақтың жадында сақталады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети