17 наурыз 2016 | 14:42

Назарбаев бақыт жайлы тәмсіл айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіден алынған сурет Әлеуметтік желіден алынған сурет

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлордарда Республикалық еңбек ұжымы форумына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Форумға 10 облыстан 50 еңбек ұжымын таныстыра келген төрт мың адам қатысты. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлордарда Республикалық еңбек ұжымы форумына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Форумға 10 облыстан 50 еңбек ұжымын таныстыра келген төрт мың адам қатысты. 

Мемлекет басшысы форумға қатысушыларға адамдардың бақытқа жөнінде тәмсіл айтып берді. "Бақыт адамның қолында. Мынадай бір тәмсіл бар. Өздеріңіз білетіндей, Құдай адамды саз балшықтан жаратты. Адамды балшықпен жасап болғаннан кейін оның қолында саз балшықтың тағы кішкентай бөлігі қалып қояды. Сонда Құдай адамнан "тағы не жасап берейін" деп сұрайды. Сонда адам "маған бақыт жасап берші" депті. Яғни, адам бақытын, болашағын өзінің қолымен жасайды. Бақыт - біреудің сыйлығы емес, бәріне өз бетіңмен жету", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы барлық отандастарға тұтастық пен бірлік үшін ризашылық білдірді. "Өткен ширек ғасыр Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасу кезеңі болды. Біз елімізді танымал және беделді елге айналдырдық. Осының бәріне біз өзара сеніміміздің, тұтастығымыздың, бауырластық пен достығымыздың арқасында қол жеткіздік. Көптеген елдерде қасіретті оқиғалар орын алып жатқан кезде бұл өте маңызды. Жетекші мемлекеттер арасындағы текетірес өршіп тұр, қақтығыстар басылар емес, соғыс жүріп, адамдар қаза болып жатыр. Жүз мыңдаған босқындар өз үйлерін, жиған дүние-мүлкін, Отанын тастап, баспана мен көмек сұрауға мәжбүр болуда. Ал Қазақстанда татулық пен келісім салтанат құрып отыр. Сол үшін барлық буынның өкілдеріне, барлық ұлттан шыққан азаматтарымызға айрықша алғыс айтамын", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті әлемдік экономикадағы қиын жағдайға қарамастан, Қазақстан экономика өсімінің қарқынын сақтап, ел азаматтарына әлеуметтік кепілдіктер ұсынып отырғанына назар аударды.

"Қазір әлемдік нарықтар құлдырау үстінде. Көптеген әлемдік компаниялар өндірісті, қызметкерлерді қысқартуға мәжбүр, әлеуметтік шығыстар мен әлеуметтік кепілдіктер көлемі азаюда. Жұмыссыздық өсіп келеді. Осының бәрі - жаһандық экономикалық дағдарыстың салдары. Біздің Қазақстан кәсіпорындары да күрделі жағдайға тап болды. Қазақстандық тауардың басым көпшілігінің, соның ішінде шикізат, мұнай, металл және өнеркәсіп өнімдерінің бағасы төмендеп кетті. Бүгінде индустрияландыру және "Нұрлы жол" бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы баламалы экономика құруды бастауымыздың арқасында бізде өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемі қысқарған жоқ. Әлеуметтік міндеттемелерді толық орындап отырмыз, өйткені Қазақстан осындай қиындықтарды еңсеру үшін берекелі жылдары қор жинады", - деді Елбасы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети