12 қыркүйек 2016 12:56

Назарбаев: Барлық діндер бізді бірлікке шақырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев "Хазрет Сұлтан" мешітінде құлшылық жасап, қазақстандықтарды мереке күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Нұрсұлтан Назарбаев "Хазрет Сұлтан" мешітінде құлшылық жасап, қазақстандықтарды мереке күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан Президенті мұсылмандардың топтарға, секталарға бөлінбейтінін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша нағыз діндар адам ол барлық дінді тең санайтын адам.

"Бүгін күллі әлемнің және Қазақстанның мұсылмандары жарқын мереке - Құрбан айтты мерекелеп жатыр. Баршаңыз білесіздер, 10 жылдан бері Құрбан айт пен Рождество демалыс күндері болып саналады. Бұл - ислам дініне де, христиан дініне де мемлекет қамқорлығының көрінісі", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында қол жеткен табыстың бәрі еліміздегі бірлік пен тыныштықтың арқасы екенін атап өтті.

"Әлемдегі әрбір дін бізді ынтымаққа, ізгілікке, бір-бірімізді құрметтеуге шақырады. Құранда өзің тоқ болып, көршің аш отырса, сен мұсылман болып саналмайсың делінген. Онда мұсылмандардың ағымға, жікке бөлінбейтіні де айтылған. Нағыз мұсылман - ел-жұртқа, қоғамға, Отанына көмектесетін, барлық дінді бірдей көретін адам", - деді Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан Президенті баршаны тағы да мерекемен құттықтап, бақ-береке және табыс тіледі.

Құрбан айт - мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол "ораза айттан" кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети