11 желтоқсан 2016 23:48

Назарбаев: Барлық партия айғайлай беретін болса, шешімді кім шығарады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Кеңестің тарауы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Ярослав Красиенконың  "25KZ Новейшая история" атты деректі фильмінде естеліктерін бөлісті.


Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Кеңестің тарауы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Ярослав Красиенконың  "25KZ Новейшая история" атты деректі фильмінде естеліктерін бөлісті.

Картинада Жоғарғы Кеңестің 1993 және 1995 жылдары өздігінен тарағаны жайлы айтылады. Елдің заң шығарушы органының жұмысы негізсіз деп танылды.

"Мен де бір күн ішінде әдемі бола салғым келеді. Олардың демократиясын енгізу, барлығын... Ал салдары қандай болмақ? Сол Парламентте (Жоғарғы кеңес) біз айлап заң қабылдай алмадық. Жаңа жыл басталып кеткен, ал бюджетке қол қойылмаған. Толықтай демагогия. Ұлы философтардың бірінің Рим жайлы айтқаны бар, "біздің Республикамызды санасыз бір топ құртты" деген. Яғни барлығы сөйлеп жатты, ал ешкім іс жасамады. Міне, осыдан берекесіздік орнады, сондықтан біз бірте-бірте жұмыс атқарып келеміз. Мен бірінші экономика, содан кейін ғана саясат дедім. Ал егер барлық партия айғайлай беретін болса, ешкімді де сайлай алмаймыз. Парламентке осы 15 партияны сайлаймыз - олар ешқашан шешім шығармайды, ғасыр аяқталғанша өз араларында дауы бітпейді. Сонда Қазақстанның тағдыры не болмақ?", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Парламент жоқ кезде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың заңды күші бар 140 жарлыққа қол қойғаны айтылады. 

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында қазіргідей Жоғарғы Кеңестің құзыреті кең еді. Жоғарғы Кеңестің он екінші шақырымылының тарауы жергілікті билік органдары депутаттарының қызметінен босатылуынан басталған еді. Бірінен соң бірі республиканың аудандық және облыстық Кеңестері өз сессияларында қызметті босату туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, Жоғарғы Кеңестің 43 депутаты қызметтен кетіп, әріптестерін де осылай жасауға шақырды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі он екінші шақырылымының 11-ші сессиясының жұмысының соңына қарай жергілікті Кеңестердің төрттен бірі қызметтен кетті. Осы жағдайда халық таңдаулылары Парламент қабырғасында көпке созылған талқылаулардан кейін сайлау туралы Кодексті қабылдады, бұл республика Президентіне және жергілікті әкімшіліктерге қосымша құзыретті уақытша беру мен Жоғарғы Кеңестің құзырын тоқтату туралы заң болды. Республиканың жоғарғы уәкілетті органының соңғы екі заңнама актісін қабылдауы Конституцияға өзгеріс енгізумен пара-пар еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети