04 наурыз 2015 13:47

Назарбаев Бас прокурорға сайлау кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Асхат Дауылбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Асхат Дауылбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Асхат Дауылбаев Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының қызметі, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен кәсіпкерлерді қорғауды күшейту жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы баяндады. "Елбасы президенттік сайлаудың әзірлігі мен оны өткізу кезеңінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды", - делінген хабарламада. 

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан экономиканы қолдауға бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қадағалауды одан әрі күшейтудің маңыздылығын да атап көрсетті. Ол бизнес субьектілерін заңсыз тексерулердің саны 6 есе қысқарғанына тоқталды және кәсіпкерлер құқығының мүлтіксіз сақталуын бақылауды одан әрі қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті азаматтардың еңбек құқығын, әсіресе еңбекақы төлеу бөлігінде ілкімді қорғау қажеттігін айтты. 

Бас прокурор республиканың барлық өңірінде сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай реестрі іске қосылып, жұмыс істеп жатқаны туралы баяндады. Онда қылмыстық құқық бұзу белгілері бар арыздар мен хабарлар тіркеледі. Асхат Дауылбаев сондай-ақ бюджетті толтыруға және пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға бағытталған шаралар туралы баяндап, қадағалау қызметінің өзге де өзекті мәселелері туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети