18 наурыз 2014 19:13

Назарбаев Байланыс және ақпарат агенттігінің жауапты хатшысын тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото mtc.gov.kz сайтынан алынды Фото mtc.gov.kz сайтынан алынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат агенттігінің жауапты хатшысын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының сайтына сілтеме жасап. "Мемлекет Басшысының Өкімімен Бек Кәрімбекұлы Арпабаев Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды",- делінген хабарламада. Бек Арпабаев 1976 жылы дүниеге келген. Әр жылдары "Қазагропромбанк" АТАҚ-ның Семей қалалық бөлімінде экономист, "Арман" ЖШС директорының коммерциялық мәселелер бойынша орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі қаржылық реттеу департаментінің бюджеттік реттеу басқармасының бастығы, осы агенттіктің департамент директоры қызметтерін атқарған. 2007-2010 жылдар аралығында "Қазақтелеком" АҚ-ында атқарушы директор, соңынан басқарушы директор қызметін атқарған. 2010 жылғы шілде айында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бүгінгі тағайындауға дейін ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ХҚКО қызметін үйлестіру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанда Байланыс және ақпарат агенттігі құрылды, ал Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның Мәдениет министрлігі болып жаңартылған. Жаңадан құрылған Байланыс және ақпарат агенттігін Асқар Жұмғалиев басқарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети