1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев Бердімұхамедов сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Қазақстанға шақырды

© m.ertir.com © m.ertir.com

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Гурбанғұлы Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болы қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Өткен сайлау нәтижесі - халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, елдің халықаралық беделін нығайту жолындағы Сіздің жүзеге асырып отырған саясатыңызға Түрікменстан азаматтарының сенімінің және қолдауының көрсеткіші. Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бастап Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық әріптестігі жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Қазақстан түрікмен халқының бірлігін, елдің саяси және экономикалық дамуын нығайтудағы Сіздің еңбегіңізді жоғары бағалайды", - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін жақын арада Қазақстанға сапармен келуге шақырды.