14 мамыр 2017 | 09:07

Назарбаев Бейжіңде "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл форумға 20-дан аса елдің мемлекет және үкімет басшысы қатысады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл форумға 20-дан аса елдің мемлекет және үкімет басшысы қатысады.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

Реклама
Реклама

"Қазіргі процестерге қарағанда адамзат қауымдастығының әлемдік тарихы зор даму дәуірінен, терең өзгерістер мен жаңғырулардан өтіп жатыр. Әлем елдері қазіргідей тығыз байланысып көрмеген, халықтардың тамаша өмірге деген жігерлі талпынысы мен қиындықтарды өткеруге деген құралы жетер шегіне жетіп отыр. (...) 2013 жылдың күзінде Қазақстанда, кейін Индонезияда Жібек жолы экономикалық белбеуі құрылысын бірігіп салу бастамасын көтердім және халықаралық ұйымдар бұл жобаның құрылысына қолдау білдірді", - деді ҚХР төрағасы.


© akorda.kz

Си Цзиньпиннің айтуынша, Жаңа Жібек жолы жобасы қатысушы елердің қазақстандық "Нұрлы жол" саясаты секілді бейбіт даму бастамаларын біріктіреді. 

Форум 14-15 мамыр аралығында өтіп, онда Лидерлердің дөңгелек үстел мен Жоғары деңгейдегі диалогтары болады. Бүгін форум аясында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен және ҚХР Мемкеңесінің премьері Ли Кэцянмен екіжақты кездесу өткізеді.

Айта кетейік, кеше, 13 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңге барған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная