1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев Bloomberg News ақпарат агенттігіне сұхбат берді

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg News ақпарат агенттігінің тілшілеріне сұхбат берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы нарықтың кәсіби қатысушыларын іскерлік сипатындағы ақпаратпен қамтамасыз етушілер арасындағы үздіктердің бірі болып саналатын Bloomberg News ақпарат агенттігі өкілдерімен кездесті.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына қатысты сауалдарға жауап беріп, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының перспективалары, жаһандық экономиканың, терроризммен күрестің маңызды аспектілері, сондай-ақ шет елдермен өзара іс-қимылды нығайту жөнінде айтты.