14 сәуір 2017 19:20

Назарбаев Бішкекте Молдова президентімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Молдова Президенті И.Додонмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу кезінде Қазақстан мен Молдова арасындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы бар бағыттары ретінде атап өтілді.

Соынмен қатар, Қазақстан Президенті И.Додонды Молдова Республикасының ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін алуымен құттықтап, бұл жауапты қызмет барысында табысты жұмыс жүргізуіне тілектестік білдірді.

Молдова көшбасшысы да Нұрсұлтан Назарбаевқа ЕАЭО-дағы бақылаушы мәртебесін алу мәселесіне қатысты қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

Кездесуге Молдова жағы бастамашы болды.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети