Назарбаев "Бурабай" курортында көрсетілетін қызметтердің бағасы жоғары екенін айтты

28 Маусым 2017, 17:43
0
Назарбаев "Бурабай" курортында көрсетілетін қызметтердің бағасы жоғары екенін айтты - © akorda.kz
© akorda.kz

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті кездесуде облыстың туристік әлеуетін, соның ішінде "Бурабай" курортын одан әрі дамыту жұмыстары туралы сұрады.

Елбасы курорттық аймаққа келушілер саны жылдың әр мезгілінде әртүрлі екеніне назар аударып, туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің деңгейіне сай келмейтін бағалардың жоғары екенін атап өтті.

"ЭКСПО-2017" көрмесінің өтуін тиімді пайдалану қажет. Көптеген туристер келді, соның ішінде шетелдіктер де бар. Бірақ, экологиялық жүйеге салмақ салмау керек. Сонымен қатар, адамдардың демалуы үшін жақсы жағдай жасаған жөн", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін көтерудің маңыздылығына тоқталып, облыс басшылығы тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін бірқатар саланы айтты.

Мырзалин Қазақстан Президентіне туристердің қазіргі демалыс орындарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндап, өңір қонақтары мен тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге арналған жоспарлармен таныстырды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай