29 қазан 2018 13:06

Назарбаев бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Марат Абилов Нұрсұлтан Назарбаев. © Марат Абилов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Үкімет Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған жобасын және елдің 2020 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған болжамын таныстырды. Бюджетті қайта нақтылауға Шымкент пен Түркістан облысының әкімшілік статусының өзгеруі негіз болды. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Даленовтің мәліметінше, ЖІӨ нақты өсімі 3,8 пайыз көлемінде қалды. Негізгі салалардың өсім қарқыны бұрынғы деңгейде.

"Мұнайдың әлемдік бағасының және экономиканың өсімін ескеретін болсақ, экспорт 56,5 миллиард долларға дейін көтеріледі, импорт 33,2 миллиард долларға дейін (шамамен 1 миллиард долларовға аз) төмендейді. Инфляция бекітілген диапазонда болады деп күтілуде", - деп мәлімдеді Даленов Мәжілісте.

Айтуынша, кіріс көлемі де бекітілген жоспарға сай болады.

"Шымкент статусының өзгеруіне байланысты 2018 жылдың бюджетінде Түркістан облысы бюджетінен трансферттердің түсімі қарастырылған, сомасы 15 миллиард теңге, ол Шымкент бюджетіне аударылады", - деді Даленов.

Болжамға сәйкес, республикалық бюджеттің шығыны шамамен 9 триллион 656 миллиард теңгеден тағы 12,6 миллиард теңгеге ұлғаяды.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети