Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика, өнеркәсіп және табиғи ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтіп, оны әрі қарай дамытудың маңызды екенін айтты.
"Біз үшін Сауд Арабиясымен қарым-қатынастың мәні зор. Биыл мен Эр-Риядқа сапармен бардым", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Халид әл-Фалих жеке кездесуге және энергетика саласындағы қазіргі екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдірді.