Назарбаев: Біз үшін Сауд Арабиясымен қарым-қатынастың мәні зор

03 Қараша 2017, 17:44
0
Назарбаев: Біз үшін Сауд Арабиясымен қарым-қатынастың мәні зор - © akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика, өнеркәсіп және табиғи ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтіп, оны әрі қарай дамытудың маңызды екенін айтты.

"Біз үшін Сауд Арабиясымен қарым-қатынастың мәні зор. Биыл мен Эр-Риядқа сапармен бардым", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Халид әл-Фалих жеке кездесуге және энергетика саласындағы қазіргі екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдірді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай