Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев дағдарысқа қарсы жүйенің қандай болатынын түсіндірді

30 Қараша 2015, 13:01
4
© TengrinewsTV
© TengrinewsTV

Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялау кезінде дағдарысқа қарсы жүйенің қандай болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің дағдарысқа қарсы ең басты жүйеміз қарапайым, бірақ маңызды үш ұғымнан тұрады. Ол - өсу, реформа және даму", - деді Назарбаев.

"Біріншісі - өсу. Әңгіме ең алдымен экономикалық өсуге байланысты. Қазіргі міндеттерге сәйкес біз Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіргізетін экономиканың өсу қарқынын қалыптастыруымыз керек. Біреулер осындай қиын кезеңде бұл тапсырманы қайта беріп отыр деп ойлауы мүмкін. Сіздер білесіздер, қиын сәттерде маңызды талап қоятын әдетім бар. Біз мұны әрқашан жеңіп келдік. Жекеменшік инвестициялауды дамыту арқылы жаңа дереккөздер табуымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Екінші ұғым - реформа. Президенттің айтуынша, ол экономика, қоғам және мемлекетіміздің тұрақтылығын арттырады. "Қазір біз "100нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асырып жатырмыз. Ол 90 жылдардың басында біз жүргізген реформалармен салыстыруға тұрарлық", - деді Президент. "Сол кездері жұмыс істегендер мұның қаншалықты қиын болғанын біледі. Біз үшін мемлекеттік-корпоративтің, қаржылық және қазыналық секторды терең реформалау өте маңызды", - деді ол.

Үшінші ұғым - даму. Мемлекет бсшысы 21 ғасырда басты дамудың факторы қоғам өміріндегі барлық саланы жетілдіру екенін айтты. "Біз мемлекеттік және жекеменік институттарды қоғам еңбегіне сәйкес ету үшін үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз", - деді Президент.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай