10 маусым 2015 11:38

Назарбаев діни көшбасшыларға өз ізбасарларын бейбітшілік пен кешірімділікке шақыруды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі. © Tengrinews.kz Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі. © Tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев діни көшбасшыларға өз ізбасарларын бейбітшілік пен кешірімділікке шақыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев діни көшбасшыларға өз ізбасарларын бейбітшілік пен кешірімділікке шақыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің екінші отырысында сөз алған Мемлекет басшысы әлемде әскери және ішкі қақтығыстардың көбейгенін, оған қатысушы тараптар адамдардың діни ұстанымын жіті пайдаланып жатқанын атап өтті.

"Бізді осындай қақтығыстардың бірі мұсылмандардың ең басты киесі, Ислам әлемінің бесігі - Мекке мен Мединеге жақын маңда - Йеменде тұтанғаны алаңдатпай тұра алмайды. Бірқатар экстремистік топтардың іс-қимылдары түрлі конфессияны ұстанушылардың арасында жаулық тудырып, Азия мен Африкадағы көп қоғамды жікке бөлуде", - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.

"Украинаның шығысында қалалар мен селоларды атқылау кезінде храмдардың бүлінгені туралы хабарлар да алаңдатады. Екіншіден, жаһандық лаңкестіктен төнген қатер "ислам мемлекеті" деген акция формасына айналған және әлдеқайда қауіпті сатыға көшкен. Содырлар жалған діни көзқарас ықпалымен Ирак пен Сирияда мыңдаған жылдар бойғы өркениеттердің мәдени мұраларын әдейілеп қиратуда. Олар өзге дін ұстанушыларды, журналистер мен еріктілерді жария түрде өлім жазасына кесудің сұмдық шараларын ұйымдастырып, интернет арқылы таратуда", - деді Назарбаев.

Президент әлемдік әлеуметтік желілердің дін мен діни қайраткерлерге қалай соқтығып жатқандарын көрмеу мүмкін емесін айтты. Оның айтуынша, әлемнің барлық діндері ұстамдылық пен төзімділікке, соғыстар мен қақтығыстарды тоқтатуға, бейбітшілікке және адамдар арасындағы келісімге шақырады.

​"Ең төзімді діндердің бірі, әлемдегі өзге діндер сияқты - ислам. Исламды экстремизм мен лаңкестіктің кез келген формасын ақтау үшін пайдалануға тырысу – күпірлік. Осынау күрделі кезеңде барлық діни қайраткерлерді өз жамағаттарын татулық пен келісімге, толеранттылық пен кешірімділікке үндеуін еселей түсуге шақырамын. Кез келген халық бірлікті бағалап, сақтай алған жағдайда ғана аман әрі ұлы болып қала береді", - деп сөзін қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети