14 қазан 2014 16:30

Назарбаев ЕАЭО туралы шартты ратификациялау туралы заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©РИА Новости Нұрсұлтан Назарбаев. ©РИА Новости

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Заңына қол қойды", - деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. 

Өткен аптада бұл құжатты Қазақстан Парламенті ратификациялады. Парламент палаталары қорытындысында Шарттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесі үшін елдер экономикасының тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталатыны айтылды. Сонымен қатар, заң шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысына қатысты бірыңғай саясат жүргізу қамтамасыз етіледі. 

Президент қол қойған құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық ықпалдастығы мен ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізеді. Сонымен бірге, Қазақстанға қайта өңдеу өндірістерін дамытуға, газ тасымалы, теміржол, автомобиль инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер нарығына отандық тауарлардың шығуына кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қазақстан, Ресей мен Беларусь осы жылдың мамыр айында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойған болатын. Ол 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. 

Еске сала кетейік, өткен аптада Минскіде ТМД мемлекеттері басшыларының кездесуі барысында Арменияның ЕАЭО-ға қосылуы туралы келісімшартқа қол қойылды. Бүгінде бұл ұйымға мүше болуға Қырғызстан да әзірленіп жатыр. 

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети