Назарбаев ЕҚДБ президенті Сума Чакрабартимен кездесті

06 Маусым 2018, 14:21
0
Назарбаев ЕҚДБ президенті Сума Чакрабартимен кездесті - ©.akorda.kz
©.akorda.kz

Қазақстан Президенті Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысы басталар алдында өткені хабарланып отыр. Келіссөз барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастық және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың перспективалары жөніндегі мәселелерді талқылады. 

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысына қатысқаны үшін Сума Чакрабартиге ризашылық білдіріп, осындай екі жақты кездесудің дәстүрлі сипат алғанын айтты. Қазақстан Президенті қазіргі уақытта елімізде бірлескен инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

"Осы жылдар ішінде Қазақстанға 7 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Қазір сіздер Қазақстанмен ынтымақтастықтың еларалық бағдарламасын қабылдадыңыздар. Ірі инфрақұрылымдық бағдарламалар іске асырылуда. Шағын және орта бизнестің дамуына жол ашып, аграрлық кешенді қолдау ісі өзекті болып қала береді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай